30-шы Мерейтойлы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

30-шы Мерейтойлы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

17-19 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» - KIHE 2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2023 ЖЫЛҒЫ 17 МАМЫРДА АЛМАТЫДА «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» - KIHE 2023 28-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ. ДӘСТҮР БОЙЫНША ОНЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО (АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) БОЛАДЫ.

«Денсаулық сақтау» - KIHE Қазақстандық халықаралық көрмесі Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина және фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады және жыл сайын түрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, түрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіреді.

Көрме қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды оқиғалардың бірі ретінде өзін бұрыннан танытып келеді. Оның экспозициясы шеңберінде жыл сайын заманауи диагностикалық және терапевтік технологиялар, клиникалар мен зертханаларға арналған шығын материалдары, әртүрлі мақсаттағы медициналық бұйымдар, фармацевтикалық препараттарды өндіруге, буып-түюге және таңбалауға арналған жабдықтар және т. б. ұсынылады.

Мұнда денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, клиникалардың, фармацевтикалық компаниялардың басшылары және тәжірибешілер медициналық өнімдердің кең спектрімен танысып, әлеуетті шетелдік әріптестермен b2b-кездесулер мен келіссөздер жүргізе алады. Көрмеде ұсынылған көптеген технологиялар кейіннен клиникалық тәжірибеге енгізіледі. Осылайша көрме еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосуда.

2023 жылдың экспоненттері Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Египет, Италия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Франция, Чехия, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 300-ден астам компания болып табылады. Стендтердің 45% - қазақстандық компаниялар, 55% - шетелдік компаниялар ұйымдастырды.

Көрмеде ұжымдық стендтер ұсынылады: Мәскеу экспорт орталығы (Ресей), Ресей экспорт орталығы (Ресей), Чехияның ұжымдық стенді, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы экспортты ілгерілету агенттігі (Өзбекстан), Халықаралық коммуникациялар агенттігі (Ресей), Оңтүстік Кореяның ұжымдық стенді, «Белфармпром» холдингінің Басқарушы компаниясы (Беларусь), Татарстан Республикасының Кәсіпкерлікті қолдау қоры.

Дәстүр бойынша көрме аясында көптеген іс шаралар өтуде. Биыл мемлекеттік органдар өкілдерінің, медициналық мекемелер мен фармацевтикалық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен халықаралық форум, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптары жоспарланған.

Іс-шараның іскерлік бағдарламасымен https://kihe.kz сайтында танысуға болады.

Биылғы жылы көрмеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «СК-Фармация» ЖШС, «Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ, «Қозғалыс бұзылыстары қоғамы – Еуразия» Республикалық қоғамдық бірлестігі ресми қолдау көрсетті.

Өткізу орны: Алматы, «Атакент» ҚІЫО, 10,11 павильон, Тимирязева к-сі, 42.

Көрменің жұмыс уақыты: 17-18 мамыр 10: 00 - ден 18:00-ге дейін, 19 мамыр 10:00-ден 16: 00-ге дейін.